30 questions
1. XVII ғасырдағы Ирандағы отбасы меншігіндегі жер:
А) мульк
В) хассэ
С) уакф
Д) дивани
2. Орта ғасырлардағы Иран жеріндегі егіншілікпен айналысатын шаруалар:
А) егіншілер
В) райяттар
С) иляттар
Д) дихандар
3. XVII ғасырда Иранды билеген әулет:
А) Аббасидтер
В) Сасанидтер
С) Сефевидтер
Д) Каджар
4. XVIII ғ. Иран шахы Нәдірдің саяси беделінің түсу себебі:
А) үздіксіз жүргізген соғыстарының халыққа ауыр зардаптар әкелуі
В) сефевид ақсүйектерінің жерлерін қысқартуы
С) шиит дінін ұстаушыларының жерін қысқартуы
Д) ірі ақсүйектерге салықтар салуы
5. Иранның Каджар әулеті тұсындағы астанасы:
А) Мешхед
В) Тегеран
С) Нишапур
Д) Тебриз
6. XVII ғасырдағы Иранның мемлекеттік құрылысы:
А) коммунистік
В) капиталистік
С) құл иеленушілік
Д) индустриялық
Е) аграрлық
7. Иранның мемлекеттік меншігіндегі жер атауы:
А) уакф
В) сойырғал
С) тойыл
Д) дивани
8. Мұрагерлiкпен мәңгi пайдалануға берiлетiн жерлер:
А) уакф
В) тойыл
С) сойырғал
Д) дивани
9. Мал шаруашылығымен айналысатындарды атады:
А) егіншілер
В) райяттар
С) иляттар
Д) дихандар
10. Iрi феодалдардың қолында қызмет еткен кезеңде уақытша пайдаланылатын жекеменшiк жерлер:
А) уакф
В) иқта
С) сойырғал
Д) дивани
11. Ағылшын нұсқаушылары қызмет атқарған армияны құрған Иран билеушісі:
А) II Ауренгазеб
В) Нәдір
С) Хосейн
Д) I Аббас
Е) Мир Махмұд
12. 500 мың тұрғын халқы Иран астанасы :
А) Бағдат
В) Исфахан
С) Дамаск
Д) Каджар
13. Иран мемлекетінің мемлекеттік басшысы:
А) сұлтан
В) хан
С) шах
Д) гурхан
14. Сефевидтердiң соңғы шахы:
А) Хосейн
В) Нәдір
С) II Ауренгазеб
Д) I Аббас
15. Сефевид мемлекетiнiң ыдырауына себеп болған Қандағар жерiн мекендеген тайпалар:
А) эфталит
В) афшар
С) канджар
Д) парсы
Е) ауған
16. Мир Махмұд басқарған әскер Иранға шабуыл жасады:
А) 1740 жылы
В) 1728 жылы
С) 1725 жылы
Д) 1722 жылы
17. Исфаханды басып алып, сұлтан Хосейн шахты орнынан түсiрген:
А) Аббас
В) Мир Махмұд
С) Нәдір
Д) Бабыр
18. Түркия Иранның солтүстiк-батыс бөлiгiн басып алды :
А) 1740 жылы
В) 1724 жылы
С) 1725 жылы
Д) 1723 жылы
19. 1722 жылы Иранға қарсы белгілі парсы жорығын жасаған мемлекет:
А) Үндістан
В) Хиуа
С) Ресей
Д) Ауғанстан
20. Иран халқының ауғандарға қарсы күресiн басқарған :
А) II Ауренгазеб
В) Нәдір
С) Хосейн
Д) I Аббас
21. Ауғандар иран жерiнен түгел қуып шығарылды:
А) 1745 жылы
В) 1739 жылы
С) 1740 жылы
Д) 1730 жылы
Е) 1729 жылы
22. Нәдір өзін Иранның шахы деп жариялады:
А) 1736 жылы
В) 1740 жылы
С) 1729 жылы
Д) 1723 жылы
23. Нәдiр шахтың Үндiстанға жорық жасаған жылдары:
А) 1730-1740 жылдары
В) 1742-1745 жылдары
С) 1723-1727 жылдары
Д) 1736- 1739 жылдары
24. Нәдiр шахты Хорасанда үздіксіз соғыстың әсерінен бүлiкшiлер өлтiрдi:
А) 1740 жылы
В) 1738 жылы
С) 1747 жылы
Д) 1748 жылы
25. XVIII ғасырдың соңында Иранға басшылығына келген әулет:
А) Аббасидтер
В) Сасанидтер
С) Сефевидтер
Д) Каджар
26. 1796 жылы Иран шахы болып сайланды :
А) Нәдір
В) Аға Мұхаммед хан
С) Сұлтан Хосейн
Д) III Аббас
27. Иран мемлекетінде әкімшілік аймақ вилаеттердi басқарған:
А) хакімдер
В) сұлтандар
С) бейлер
Д) шахзадалар
28. Көлемi жағынан өте үлкен әкімшілік аймақ:
А) Санджактар
В) Вилаеттер
С) Ұлыстар
Д) Иқталар
Е) Эялеттер
29. Эялеттердiң басында тұрған шахтың мұрагерлерi:
А) хакімдер
В) сұлтандар
С) бейлер
Д) шахзадалар
30. Иранда шахтан кейін үкiмет iсiн жүргiзген:
А) бейлер
В) шахзадалар
С) уезірлер
Д) пашалар