LESSON
11сынып Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдісте
16 hours ago by
28 slides

Қазақстандағы цифрландыру

Body text

11.3.4.6 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау;

Body text

Негізгі ұғымдар:

  • Цифрландыру – цифровизация – digitalization

    Цифрлық технологиялар – цифровые технологии – digital technologies

    Цифрлық Қазақстан – цифровой Казахстан – Digital Kazakhstan

Цифрландыру

Қазір барлық адамның өмірінде цифрлық технологияның элементі кездеседі. Күнделікті және кәсіби қызметте адамдар бір-бірімен цифрлық ортада қарым-қатынас жасауға, ақпаратты орынды пайдалануға және бірлесіп жаңа идеялар мен өнімдер жасауға мәжбүр болады, сондықтан әркім цифрлық сауаттылығын дамытуы қажет.

Цифрлық сауаттылық дегеніміз – цифрлық технологияларды қолданып, байланыс пен ақпарат қолжетімді бола түсетін қоғамда өмір сүруге, оқуға және жұмыс істеуге қажетті дағдыларға ие болу.

«Цифрлық Қазақстан» (Digital Kazakhstan) мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, қазір мемлекетте қарқынды түрде цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл экономиканың жаңа моделін жасаумен, базалық салалар мен бизнесті цифрландырумен шектелмей, қоғам өміріне де жаңалық енгізді.

Digital Kazakhstan – бұл Қазақстан экономикасын дамыту қарқынынжеделдетуге және біздің азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған бағдарлама.

Ел экономикасының басты салаларында цифрлық технологияларды әзірлеу, енгізу және дамыту.

Қазақстандықтарға интернетке және 4G (болашақта 5G) мобильді байланысына барлық жерден кең жолақты қолжетімділік ұсынатын инфокоммуникациялық инфрақұрылымды кеңейту.

Онлайн ұсынылатын мемқызметтердің сапасын жақсарту мен санын арттыру. Бұл бюрократия мен жемқорлықты төмендетуге, сондай-ақ меморгандарды неғұрлым тиімді және ашық етуге мүмкіндік береді.

Электрондық коммерцияны дамытуға белсенді ықпал ету арқылы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасау.o Отандық ІТ-секторды дамытуға, сондай-ақ Қазақстандағы білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыруға ықпал ететін, халықтың жалпы цифрлық сауаттылығын арттыру.

Q.

Digital Kazakhstan мемлекеттік бағдарламасының бағыттарын таңда?

answer choices

үлкен деректерді талдау

цифрлық Жібек жолын іске асыру

адами капиталды дамытуға ықпал ету

университеттерді қашықтан оқытуға көшіру

ақылды үй жобасын жүзеге асыру

Бағдарламаның басты бес бағыты және олардың міндеттері

  • 1. Экономика салаларын цифрландыру

  • 2. Цифрлық мемлекетке өту

  • 3. Цифрлық Жібек жолын іске асыру

  • 4. Адами капиталды дамыту

  • 5. Инновациялық экожүйені құру

1. Экономика салаларын цифрландыру

Цифрлық экономика – бұл ірі кәсіпорындарға да,кіші және орта бизнес үшін де онлайн-мүмкіндіктермен инновациялық цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігі

2. Цифрлық мемлекетке өту

Цифрлық мемлекет – бұл азаматтар мен бизнес үшін кез келгенуақытта онлайн қолжетімді, ашық және қолайлы мүмкіндіктер

3. Цифрлық Жібек жолын іске асыру

Цифрлық Жібек жолы интернетке жылдам әрі қауіпсіз қолжетімділіктіжәне елдің тұтас аумағын мобильдік байланыспен сапалы қамтудықамтамасыз етеді

4. Адами капиталды дамыту

Халықтың жаңа құзыреттері мен цифрлық сауаттылығындамыту білім берудегі инновациялар арқылы мүмкін болады

5. Инновациялық экожүйені құру

Осындай экожүйе бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы тұрақты байланысы бар инновациялар мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытады

Мобильді құрылғылар

  Желіде жұмыс істеуге арналған смартфон, планшет және ноутбуктердің дамуына байланысты веб-парақ-шаларды көру, IP-телефония, бейнеконференциялар және мультимедиалық ағындарды тасымалдау сияқты әрекеттерді мобильді құрылғыларда орындауға болады.

Бұлттық есептеулер

Қазіргі таңда АТ-инфрақұрылымының едәуір бөлігін бұлтты ортаға көшіруге немесе ішкі бұлтты инфрақұ-рылымды құруға мүмкіндік беретін озық әдістер бар.

Үлкен деректерді талдау платформасы

 Цифрлық ұйымдар бизнеске маңызды сараптама-лық ақпарат алу үшін жинауға, өңдеуге және тал-дауға болатын деректер терабайттарын тудырады.

Заттар интернеті

Процесті автоматтандыру арқылы нарыққа шығудың жаңа жолдарын ашуға және шығындарды айтарлықтай төмендетуге көмектеседі..

Қазақстандағы цифрландыру жұмыстары

Body text

Қазақстандағы цифрландыру жұмыстары

Нұр-Сұлтанда «Сергек» атты жол ережелерінің сақталуын бақылайтын жүйе енгізіліп, жұмыс істеп тұр. Егер жүйе ереже бұзылғанын анықтаса, автоматты түрде хаттама толтырылады және тәртіп бұзушының тұрғылықты мекенжайына жіберіледі. Astana Hub – инновациялық даму платформаларын қолдау, технологиялық кәсіпкерлік пен стартап мәдениетін насихаттау, қаржыландыруды тарту және инновацияларға деген сұранысты қалыптастыруға арналған ақпараттық технология саласындағы технопарк. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі әрбір емделушіге электронды денсаулық паспортын жасайды, бұл адамның ауру тарихын интернетте сақтауға мүмкіндік береді. Экономиканы цифрландыру бағдарламасы арқылы мемлекет еңбек өнімділігінің деңгейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл процеске жабдықта орнатылған датчик арқылы мәліметтер жинайтын, өндіріс процесінің оңтайлы болуын қамтамасыз ететін, реагенттің шығынын қадағалайтын, жабдықтың жұмыс істемейтін уақытын қысқартатын, төтенше жағдайларды тез анықтайтын және шешетін Digital Mine ақпараттық жүйесі көмектеседі.

Қазіргі уақытта электрондық үкімет – мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін негізгі құрал. Оның пайдаланушылары 10 миллионнан асады. Оны дамыту үшін Ұлыбритания, Эстония, Сингапур, АҚШ және басқа да технологиясы дамыған елдердің озық шешімдері белсенді түрде енгізіліп жатыр. 2020 жылы Қазақстан «электронды үкіметті» дамыту индексі бойынша БҰҰ-ның әлемдік рейтингінде 29-орынға ие болған.

Body text
Q.

Цифрландырудың дамуына қандай технологиялар ықпал етеді?

answer choices

Мобильді құрылғылар

Бұлттық есептеулер

Үлкен деректерді талдау платформасы

Заттар интернеті

Q.

e.Gov.kz электронды үкімет порталы арқылы қандай қызмет түрін алуға болады?

answer choices

сертификаттар алу

зейнетақы аударымдарына қатысты деректерді өңдеу

086 медициналық анықтама алу

жылжымайтын мүлікті сатып алу

Q.

Бұл мемлекеттік бағдарлама қабылданғансоң қәзір Қазақстанда қарқынды түрде цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл экономиканың жаңа үлгісін жасаумен, базалық салалармен бизнесті цифрландырумен шектелмей, қоғам өмірінде жаңалық енгізді.Қандай бағдарлама туралы айтылған?

answer choices

Digital Mine

Digital Kazakhstan

Болашак

eGov.kz

Q.

ҚР электрондық үкіметінің даму кезеңдерін хронологиялық тәртіппен орналастыр?

answer choices

e-License / e-Pay / e-Мемлекеттік сатып алу / eGov

e-Pay /e-License / e-Мемлекеттік сатып алу / eGov

eGov / e-Мемлекеттік сатып алу / e-Pay / e-License

e-Мемлекеттік сатып алу / e-Pay / eGov / e-License

Q.

Электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша Қазақстан 2020 жылы қандай рейтингте 29-шы орынға ие болды?

answer choices

Еуропалық рейтинг

Азиядағы әлемдік рейтинг

әлемдегі ең дамыған елдердің рейтингі

Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингі

Q.

Сабақ түсінікті болдыма?

no correct answer

ия

жоқ

Quizzes you may like
10 Qs
Qatar History
1.4k plays
19 Qs
Mexico, Caribbean, Central America
4.1k plays
12 Qs
La República Dominicana
2.1k plays
13 Qs
Asian Countries
29.6k plays
11 Qs
Central America -- Countries
2.2k plays
Geography and Global Studies
20 Qs
Countries of the World
1.4k plays
World History
13 Qs
South America Capitals!
3.2k plays
20 Qs
Guatemala
1.1k plays
Why show ads?
Report Ad